- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде депутат Ринат...
Желіде депутат Ринат Зайытовтың Мәжілістен кетуі талап етілген петиция жарияланды
Қазақстанда ҚР Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың өкілеттігін тоқтату туралы петиция жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Петицияға 3,7 мыңнан аса адам дауыс беріп үлгерген. Оның 2,5 мыңнан аса депутаттың өкілеттігін тоқтатуға қарсы болса, 1,2 мың адам қолдаған.
Петиция авторы Айбек Амантаев "Адырна" ұлттық порталына берген сұхбатында Ринат Зайытов Қазақстанда барлық алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайтынын айтып, сол арқылы ел азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетін негізсіз қорлағанын алға тартты.
"Ринат Зайытовтың анықтамасына сенсек, Қазақстан Республикасының 15,6 миллион азаматы - алаяқ әрі алаяқтық әрекеттер жасайды, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Оның бұл мәлімдемесі қоғамда наразылық тудырды, бұл еліміздің әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіреді және бұл мәлімдемелер демократиялық елде қабылданбайды", - деп жазған петиция авторы.
Еске салайық, айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сұхбаттарының бірінде "Қазақстанда алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған қауым - намаз оқитындар" деген болатын. Кейін оған Балғынбек Имаш Ринат өлеңмен жауап берген еді.
Депутат Ринат Зайытов даулы мәлімдемесін түсіндірді.
Оның сөзінше, ресми статистика сұрайтындар көп, керек дегендерге мұны да ұсынуға болады.
"Жұртқа түсіндіріп өтетін несі бар? Көзбен көргенім. Иә, "ресми статистикасы керек, анау-мынау" дейді. Ресми статистиканы да сұратуға болады. Қиын емес, тергеу жүргізген органдарда, бәрінде әрбір адамның мінездемесі болады. Менің айтып отырғаным - бар факт", - деген еді ол.
"Кім не айтпай жатыр?" Балғынбек Имаш өзін алаяқ дегендерге жауап берді
Кейін айтыскер ақын Балғынбек Имаш ақын, депутат Ринат Зайытовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Оның сөзінше, Ринат Зайытовпен сол күні-ақ хабарласқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек