- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде "бірден 4...
Желіде "бірден 4 әйел алған" деген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті
Фото:
видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде "бірден 4 әйел алған" деген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Қазақстанда түсірілмегені байқалады.
"Әрине, бұл той біздің елде емес. Бірақ, расымен, 4 әйел алған ба екен, әлде кезекті пранк па?" - делінген видео жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бұл әдейі түсірілген пранк немесе шынайы оқиға екенін ажырата алмай, түрлі болжам жасапты. Көпшілік мұны шоу, пранк деп ұйғарған. Сонымен қатар, бұл жағдай нақты қайда болғаны белгісіз.
"Пранк", "Өтірік", "Шоу", "Пранк деп сенемін", "Пранк қой тойға келген халық жоқ", "Кино шығар", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова