Желіде бет-аузы қан жоса әйелдің видеосы тарады: күдікті Шымкентте ұсталды

Шымкентте әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл оқиға 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласында болған.

"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.). Тергеу барысы Шымкент Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузы қан жоса әйелдің видеосы тарады. Жақындары бұл іске оның күйеуінің қатысы бар екенін және оқиға балалардың көз алдында болғанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!