- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде белгісіз ер...
Желіде белгісіз ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады
Фото:
Видео кадры
Желіде белгісіз ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйелдің ұлы белгісіз ер адам анасын сыртқа алып шығып, оны аяусыз ұрып жатқанын айтып, көмек сұрайды. Бұл оқиға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болғаны анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Белгісіз ер адамның Қарқаралы ауданы тұрғынына қатысты жасалған шабуыл дерегі полицияда тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек