Желіде белгісіз біреулер "Алтын Орда" базарын басып алғаны туралы видеолар пайда болды

Алматы маңында орналасқан "Алтын орда" базарында белгісіз біреулер базардағы нысандарды сындырып, басып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде "Алтын орданы" белгісіз біреулер басып алғаны туралы видео пайда болды. Видеода өзін баспасөз қызметінің өкілі деп таныстырған әйел белгісіз біреулер өзін жаңа күзет деп таныстырып, базарды басып алғанын айтады. 

"Бұл адамдардың әрекеті басып алу деп бағаланып отыр. Ешқандай түсініксіз, ештеңе түсіндірмей басып алған", - дейді видеодағы әйел. 


Алтын орда базарының баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты растады. 

"Базарда түсініксіз жайттар болып жатыр. Басып алған. Олар күзетшілердің отыратын жерін қиратып тастады. Белгісіз күзет қызметі тіпті аула сыпырушылардың кеңсесін басып алған", - дейді базар өкілі Massaget.kz тілшісіне. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!