- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде балаларға тәтті...
Желіде балаларға тәтті беріп алдап, ұрлап кететін ер адам туралы ақпарат тарады
Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.
WhatsApp-та, белгісіз біреулер ұлын ұрламақ болғанын айтқан әйелдің аудио хабарламасы тарады. Бетперде таққан адам балаға кәмпит ұсынып, оны ішінде бірнеше адам бар қара көлікке отыруға шақырған екен. Хабарламада әйел ұлының қаскүнемдерден қашып үлгергенін айтады, дегенмен ол полицияға барып, оқиғаның мән-жайын хабарламақ.
ҚР ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, ақпарат тексерілген және расталған жоқ.
"Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, хабарламада әйел балаларды осылай алдайтын топ барын айтады. Алайда тәртіп сақшыларына педофилдер тобы туралы да хабарланған жоқ. Аулаларды аралап, балаларды ұрлайтын ер адамдар тобы туралы ақпарат та - ескі фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова