Желіде Түркістан облысындағы балабақшада болған жағаұстатарлық жайт туралы видео тарады. Видеода тәрбиеші баланы ұрғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Шардарадағы жекеменшік балабақшада болған. Бұл туралы жергілікті білім басқармасы хабарлады. Видеода тәрбиеші бастапқыда бірінші баланы ұрып, артынша тағы басқа балаларды да араластырып, қызды итеріп жібермек болады.
Білім басқармасы тергеу мүддесіне сүйеніп, тәрбиешінің аты-жөнін айтпады. Алайда бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылған. Іс құқыққорғау органдарына жіберілді.
"Адами әлеуетті дамыту басқармасы өкілдері 2022 жылы 5 қыркүйекте сағат шамамен 14.00-де баланы ұрып жатқан тәрбиеші туралы видеоны көрді. Арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізілді. Нәтижесінде тәрбиеші баланы ұрғаны анықталды. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!