Шымкентте келіншегін ұрып-соғып көлікке отырғызған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Әлеуметтік желіде жан ұшыра айқайлаған жас әйелдің видеосы тарады.
Басылым мәліметінше, бұл оқиға Шымкент қаласының төртінші шағынауданында болған.
Түн ортасында айқайды естіген бойда көршілері көмекке жүгірген. Олар ер адам қызды алдымен жерде сүйреп, бірнеше рет ұрып, қинап көлікке салып алып кеткенін айтады. Куәгерлер оқиға орнында полицияға шағым түсірген. Ал Құқық қорғау органдары мұның отбасылық жанжал екенін айтады.
"Полиция қызметкерлері істі толық тексерді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындағаны анықталды. 102 номеріне ұрлау дерегі туралы хабарлама түскен жоқ. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар тарапынан арыз түспеді. Видеода көрсетілген азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, орын алған отбасылық жанжалға байланысты қорғау нұсқамасы берілді", - делінген Шымкент қаласы бойынша ПД баспасөз қызметі жіберген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!