Желіде автобуста мүшесін ұстап тұрған ер адамның видеосы тарады

Желіде автобуста мүшесін ұстап тұрған ер адамның видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде автобуста мүшесін ұстап тұрған ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео svetpf Қоғамдық қорының Instagram-парақшасында жарияланды. Бұл жағдай Алматыда №70 автобуста болғаны айтылады. 

"10 желтоқсанда адам құқықтары күні кем дегенде бір қыздың құқығы бұзылды - ол лық толы автобуста келе жатқанда, ер адам (фото/видеодағы) оған қарап мүшесін ұстаған. Қыз ҚазҰУ аялдамасынан қоғамдық көлікке мінген. Ол қорқып жылай бастады, бірақ таңғаларлығы, ер адамның ашық әрекеті мен қыздың көз жасы бұл автобуста ешкімге әсер етпеді. Бойжеткен ер адам автобустан түсіп кеткенше күтуге мәжбүр болған, тек кейін сыртқа шыққан", - делінген жазбада.

Видеоны Қоғамдық қорға қыздың анасы жіберген. 

Алматы әкімдігі және Алматы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әзірше пікір білдірмеді. Редакция ведомстволарға сауалхат жолдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Общественный фонд SVET (@svetpf)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек