ТЖМ Астанадағы Хан шатыр ауданындағы өртенген тұрғын үй кешенінен үш айлық бала құтқарылған сәттің суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше құтқарушылар 2-қабаттан 27-қабатқа дейін жанған тұрғын үй кешенінің ғимаратындағы өртті сөндірді. Олардың ерліктерін ТЖМ баспасөз қызметі жариялады. Желі қолданушылары құтқарушылардың батылдығына тәнті болды.
Өртсөндірушілердің бірі Айдын Бимуханов үш айлық баланы үйден алып шықты.
"Батырлар арамызда жүр", "Адал еңбек", "Айдын, жарайсың, батыр, осындай адамды тәрбиелегені үшін ата-анаңа, командирлеріңе рақмет". "Міне, осы жандардың жалақысын көтеру керек", - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" ауданындағы ғимараттан өрт шыққаны хабарланды. Кешке жақын өрт сөндірілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!