Желіде әскери техниканың видеосы тарады: Қорғаныс министрлігі жұртты алаңдатқан жайтқа жауап берді

Желіде әскери техниканың видеосы тарады: Қорғаныс министрлігі жұртты алаңдатқан жайтқа жауап берді
Фото: instagram.com/atyrauoil.official/

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Жылыой ауданында түсірілген әскери техниканың суреттері мен видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайт желі қолданушылары арасында сұрақ туғызды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)

Алайда, Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл жауынгерлік даярлық іс-шаралары аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.

"Мұндай іс-шаралар - Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының тұрақты тәжірибесі және бекітілген жоспарларға сәйкес өткізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға, тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget