Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады

Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады
Фото: ТЖМ

Желіде Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Баку-Грозный" рейсінің экипажы мен Грозныйдағы диспетчердің сөйлескен әңгімесі тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ВЧК-ОГПУ телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, бастапқыда ұшақта ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қолданылатын "глушилка" қосылған. Лайнер қону үшін төмен түсе бастағанда ұшақтағы GPS жұмыс істемей қалған. Ұшқыш мұндай жағдайда қона алмайтынын түсініп, Бакуге ұшып кетпек болған көрінеді. 

Диалогтағы әңгімеге сәйкес, ұшақ құстармен грозный уақыты бойынша сағат 8.16-да соқтығысқан. Ұшақ бірнеше рет қонуға тырысқан. 

Екі минуттан кейін экипаж ұшақты басқара алмай жатқанын хабарлаған. 

Бастапқыда ұшақ Минеральные Водыдағы аэродромға қонуы керек болған. Алайда ауа райына байланысты ұшақ Махачкалаға бағыт алған. Сағат 8.22-де ұшақтың гидравликасы істен шыққан. 

Тағы екі минут өткен соң экипаждың не айтып жатқаны түсініксіз болып кеткен. 

Сағат 8.26-да диспетчер айтылған биіктікке шыға ала ма, жоқ па - оған сенімсіз екенін жеткізген. Сағат 8.27-ден кейін экипаж Ростовтағы дичпетчермен сөйлескен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина