Желіде Алматыға қатысты қорқынышты хабар тарады: министрлік не дейді?

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде "әскерилердің іс-әрекетіне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді" деген ақпарат тарап кетті. Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Тhreads желісінен

"Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізген жоқ. Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат жалған екенін еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!