Желіде Алматыда метро пойыздарының жүрмей қалғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео авторының сөзінше, Алматыда Райымбек метро станциясына пойыздар келмеген, ал кассада ақша қайтарылмаған.
"Ескерту де жоқ, адамдарды кіргізбей жатыр. Менің ескертуімнен кейін хабарландыру жасалды. Кассадағылар ақша қайтарғысы келмеді, тек 3 адам қайтарып алды. Қалғандары кете салды", - делінген видеода.
@tentokkii Сегодня поняла, что администрация метро не готова к таким случаям. На кассе женщина хамила, не хотели деньги за проезд вовзращать, ваши проблемы, ждите говорит ? В общем солай #метро #метроалматы #чс #алматы #алматыметро #алматинцы ♬ оригинальный звук - лидер гильдий one shot's
"Алматы Метрополитені" кәсіпорнының мамандары Massaget.kz тілшісінің сауалына жауап берді. Олардың айтуынша, Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекетте пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ. Мамандар жұмыс істеп, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!