Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз адамдар қарумен жүргені көрінетін видео пайда болды. Алматы Полиция департаменті өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 1997 жылы туған ер адамды ұстады. Дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Бірқатар тергеу әрекетінен кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы полициясы өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!