Желіде Алматы маңында жүк көлігін “жер жұтып алған“ видео тарады

Әлеуметтік желілерде жолдағы шұңқырға түсіп кеткен жүк көлігінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің Водник-3 шағынауданында болған. Кадрларда ауыр жүк көлігінің артқы бөлігі жолдағы шұңқырға түсіп кеткені көрінеді. 

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!