Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады, - деп хабарлайды lada.kz сайты.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгер басылым редакциясына жолдаған. Суреттерден пәтер, подъез қанға боялғанын көруге болады.
Еске салайық, сенбі 27-шағынаудандағы №46 үйде жарылыс болғаны хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.
Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған. Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!