- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Ақтауда адамдардың...
Желіде Ақтауда адамдардың жаппай ұсталған сәтінің видеосы тарады
Ақтауда полицейлер 11 адамды ұстады. Әлеуметтік желіде бір топ тұрғынның ұсталған сәтінің видеосы тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.
"11 құқықбұзушы ұсталып, жауапқа тартылды. Олардың бірі мас күйінде көлік айдағаны үшін де жазаланды", – деп жазды басылым.
Полиция сонымен қатар билік өкілдерінің заңды талаптарына өрескел түрде бағынбағаны үшін құқықбұзушылар жазаланатынын хабарлады.
"Барлық кінәлілер қатаң жауапқа тартылады", – деп хабарлады департамент.
Желіде тараған видеода үш полиция қызметкерінің көлікті тоқтатқаны, содан кейін жанжал басталғанын көруге болады. Көлік жүргізушісі қашып кетпек болған, бірақ оны тоқтатып, көліктен шығарып алған. Барлығы 11-ден астам адам полицияға қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшыларына көмектесу үшін бірнеше патрульдік көлік жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан