Желіде Gelandewagen-нің үстінде “жатқан“ полицейдің видеосы тарады

Желіде Gelandewagen-нің үстінде “жатқан“ полицейдің видеосы тарады
Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде полицей Gelandewagen автокөлігінің үстінде "жатқан" видео тарады. Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, видео Алматыда түсірілген.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абдулхамит Жылкыбаев (@abdulhamit.kz)

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл фильм кадры.  

"Видео толықметражды көркем фильмнің кадры. Барлық әрекет пен трюкті кәсіби каскадерлер орындаған. Түсірілім кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсірілім процесі Алматының полиция департаментімен келісілді", - дейді атқарушы продюсер Азиз Векимов. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина