Желіде 40 жасында тұсауын кестірген келіншектің видеосы тарады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Мен өмірімде көп нәрсе көрдім. Бірақ мынадайды бірінші рет көруім" - делінген видеода.
Жазбаға пікір білдіргендер екіге бөлінді. Бір топ осындай ырым бар екенін жазып жатыр:
"Негізі, бұл - тұрмысқа шықпай отырып қалса өз теңін тапсын деп ырымдап жасалатын ырым. Тұсау кесер рәсімінде үлкендер бата береді", "Құлап-сүрінетін адамға арналған ырым ғой. Ұят емес", "Бұл бір ырымға байланысты жасалған шығар, себебі бар болса керек", "Құлай беретін үлкен кісілерге ырымдап тұсауын кесетін көрінеді".
Ал кейбіреулер бұл көрініс дұрыс емес екенін айтқан: "Тәй-тәй демегеніне шүкір!", "Ырымның да қыры кетті" демекші, кішкентай балапанның тұсауын кесетін еді. Мынау ыңғайсыз екен", "Тұсау кескен сәтте балаға таңдау беріледі. Ал, бұл қыз "күйеу таңдады", "Бірден бесік той жасалады ма", "Енді осы жаста сүндетке отырғызғанды да көретін шығармыз", - деп жазды оқырмандар.