- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде 15 жастағы...
Желіде 15 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады: полиция пікір білдірді
Желіде 15 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода қыз жігіттің жазадан жалтарып кеткенін, себебі күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын айтты. Ол қос тараптың ата-аналары өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскенін де жасырмады. Бірақ тойдан кейін енесі мен күйеуі қызға қол көтеріп, ақыр соңында үйіне қайта апарып тастаған.
Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, алғашқы тергеу барысында қылмыс құрамын толыққанды тергеу үшін жәбірленуші тарап тиісті сот-медициналық, психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартып, кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуде кедергілер келтірген. Әлеуметтік желіде таралған мәліметтер бойынша тергеу жаңғыртылып, тексерілетінін қаперіңізге саламыз," – делінген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек