Желіде жасөспірімдердің сексуалдық әрекеті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екеуі де талдықорғандық 13 және 15-жастағы жасөспірім болып шықты.
Полицияның мәліметіне қарағанда, видео 2022 жылғы желтоқсанда түсірілген. Жасөспірімдер ата-анасымен бірге қалалық полицияға жеткізілген.
"Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімінде "Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!