Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 қазанда күндіз, 10-11 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с күтіледі. 9 – 11 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 9 – 11 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз 9 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9-10 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 9-10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 9-10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 9 қазанда Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 9 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
9 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 9 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с
9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
9 қазанда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қазанда Манғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 9 қазанда түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
9 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 9 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Астана қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қазанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 9 қазанда облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!