- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жел, найзағай. 13...
Жел, найзағай. 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 21 мамырда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде өңірдің солтүстік-батысы мен орталығында, күндіз орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с құрайды.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында найзағай болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова