"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов пен қызының видеосы Желі қолданушыларын тәнтті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші қызын жаттығуынан алып, көлікте оған арнап жазған әнін тыңдатады.
Қызы әннің "Әкесінен аумай қалған балдай қызым, Сенің күлген кезің, қандай ғажап сезім" деген тұсын естігенде жылап қалады. Әрі қарай әнші қызын жұбатып, "Қойшы, жылатпашы мені" дейді.
"Сөздің шыны керек, бұлай болады деп ойламадым. Нәзік жүректі ақ ботам сол, кешірші сені жылатсам", - деп жазған әнші.
Бұл видеоны әншінің анасы да көріп, жылап алған.
Желі қолданушылары бұл видеоға "Мен неге жылап отырмын, керемет көрініс, әке мен қызының махаббаты", "Көп қыз көрмеген махаббат, әкенің махаббатымен өскен қыз есейгенде жар таңдаудан қателеспейді", "Үйден шыққаныма 30 минут болды. Қайттым үйге. Қыздарымды сағынып кеттім", "Жаным, жаным. Кіп-кішкентай болып өлеңді, сөздерін түсініп отырған жүрегіңнен айналдым" деп пікір жазып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!