Желі қолданушылары Кореядан бес жылдан соң оралған әйелдің әке-шешесімен қосыла жылады

Кореяда жұмыс істеп, бес жылдан соң оралған әйел ата-анасымен қауышты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторының жазуынша, анасы 2018 жылы Кореяға жұмыс істеуге кеткен. Бес  жылдан кейін ғана елге келуге мүмкіндік туған.

"Кореяда жұмыс жасап жүрген барлық қазақ бауырларымыз отбасымен аман-есен қауышуын тілейміз", -  деп жазған TikTok қолданушысы Лаура Бақытбек.

21 сағат бұрын салынған видеоны 1 миллионға жуық адам көрген, 80 мыңға жуық адам лайк басып, 4 мыңнан астам пікір жазған.

@laukin_cakes

Мамам 2018-де Кореяға жұмысқа кеткен! Сол бес жылда келу мүмкіндігі енді туды! Кореяда жұмыс жасап жүрген барлық қазақ бауырларымыз отбасымен аман-есен қауышуын тілейміз?

♬ 2rar Әке - Андерсон.

Видеоны көргендер "Елімізде күн көру осынша қиын болмаса, ешкім ата-анасын, баласын, әйелін, күйеуін тастап кетпес еді", "Көз жасымызды тоқтата алмай қалдық", "Балапаным, деп жатыр анасы, әке ішке сақтайды ғой, жылап алдық қой, аман болыңыздар", "5 жыл өте көп қой, жүрегім ауырып кетті. Анамыздан жырақ болмайық" деп жазып жатыр.

Сонымен бірге бес жыл жырақта жұмыс істеуге кеткен әйелдің құрбыларымен кездескен сәтінің де видеосы пайда болды.

@laukin_cakes

Шынайы дос осындай болсын!❤️

♬ оригинальный звук - Лаура Бақытбек

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!