Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның хабарлауынша, видеодағы қызметкер - Көкшетау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Ермек Құрбан.
Ермектің айтуынша, оқиға 10 қаңтарда вокзал маңындағы стационарлық бекетте қызмет еткен кезде болған.
Полицейге вокзал маңындағы жолдың бойында мүгедектер арбасымен ер адамның кетіп бара жатқаны туралы ақпарат түскен. Ермек Құрбан жол-көлік оқиғасын алдын алу үшін жағдайды жеке өзі қадағаламақ болған.
"Желтоқсан айының соңында ер адам Көкшетауға Астанадан келген, ал бүгін кейін қайтуды жоспарлаған. Билет алу үшін ол вокзалға бара жатқан, алайда жаяу жүргіншілер жолына өздігінен көтеріле алмаған және жол бойымен жүруге мәжбүр болған. Полиция аға лейтенанты ер адамды вокзалға дейін ертіп барды", - деп хабарлады полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!