Оқу-ағарту министрлігі өкілдері 1 қыркүйекке қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек - жексенбі күні алғашқы қоңырау өтеді.
"Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді", - дейді министрліктегілер.
Алайда Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтпейтінін мәлімдеді. Алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйек - дүйсенбі күні өтеді.
Ал 1 қыркүйек - демалыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!