Жеке үйге газды қалай өткізуге болады

Жеке үйге газды қалай өткізуге болады
Фото: elements.envato.com

Табиғи газ - бұл көмір мен дизельмен салыстырғанда, отынның ең экологиялық таза түр. Сонымен қатар, ол сақтау орнын қажет етпейді. Сондай-ақ, газбен жылыту көмірді пайдалану, пешті күлден тазарту және мұржаны күйе мен ыстан тазарту кезінде күнделікті жұмыстарға кететін уақытты үнемдейді. Сонымен бірге, газды жеке секторға өткізу - газдандырумен айналысатын компания үшін де, үй иесі үшін де жауапты және көп еңбекті қажет ететін процесс. Бұл материалда біз жеке үйді газдандырудың барлық кезеңдері туралы айтатын боламыз.

Құжаттарды жинау

Бірінші кезекте ұлттық газдандыру операторы - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-дан техникалық шарттарды (ТШ) алу қажет. Айтпақшы, өтінімді онлайн рәсімдеуге болады. Өтінім өңделгеннен кейін сіздің нөміріңізге дайын техникалық шарттарға сілтемесі бар СМС келеді. Өтінімді "ҚазТрансГаз Аймақ" өндірістік филиалдарында өңірлерде және Астанадағы ХҚКО-ларда да беруге болады (Серкебаев, 13 және Сәтбаев, 25). Өтініш үлгісін мына жерден көруге болады. ТШ беру қызметі тегін.

Техникалық шарттарды алу үшін келесі құжаттар қажет:

- нысан иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

- жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не нысан орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі, не нысанды газдандыруға жылжымайтын мүлік иесінің нотариалды куәландырылған келісімі (құрылыс аяқталған нысанның реттеліп көрсетілетін қызметіне қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда -жылжымайтын мүлік нысанын газдандыруға жергілікті атқарушы органдардан өтінім;

- жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

- газдандырылатын нысанға (тұрғын үйге) техникалық төлқұжаттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

Егер ТШ үшін құжаттарды газбен жабдықтау компаниясының өкілі тапсырса, онда үй иесі осы өкілге сенімхат рәсімдеуі керек. Бұл ретте жоғарыда аталған барлық көшірмелер нотариалды куәландырылуы тиіс.

Фото: elements.envato.com

Ұлттық оператордың техникалық шарттарды беру мерзімі - нысанның күрделілігіне байланысты жазбаша өтініш (өтінім) келіп түскен күннен бастап екі-бес жұмыс күні.

ТШ алғаннан кейін жобалық ұйымда жұмыс жобасына тапсырыс беру керек. Ол монтаждау жұмыстарын жүргізеді, яғни бұл сіздің үйіңіздің газын белгілі бір газ құбырына қосу жобасы.

Жылыту газ қазандығы орналасатын үйге қосымша үй-жайда ешкім тұрмауы керек  және заңдастырылған болуы тиіс. Заң мұндай жабдықты заңсыз үй-жайларға орнатуға тыйым салады. Бөлмеге де белгілі бір талаптар қойылады:

- газ шығып кеткен жағдайда газдың жарылғыш концентрациясы пайда болмайтындай табиғи желдетудің болуы;

- терезенің болуы, оның ауданы еден алаңының кемінде 10 пайызын құрауы тиіс;

- үй-жайдың көлемі кемінде 7,5 м³, үй-жайдың биіктігі кемінде 2,2 метр болуы тиіс;

- диаметрі кемінде 100 миллиметр болатын желдету каналының болуы.

Монтаж. Монтаждау жұмыстарына негізгі магистральдан үйге дейін газ құбырын тарту, құбырларды, жабдықтарды орнату, газ қазандығының жұмысын іске қосу және баптау кіреді.

Жобаны алғаннан кейін монтаждау ұйымына хабарласу қажет. Мұндай компаниялар газ құбырын орнату бойынша барлық монтаждау жұмыстарын орындайды. Ұйым сонымен қатар газ құбырын пайдалануға беруге жауапты, сондықтан жұмыстың осы түрін жүргізуге тиісті лицензиясы болуы керек.

Айта кету керек, Астана тұрғындары газ есептегішін тегін ала алады. Ол үшін оларға "ҚазТрансГаз Аймақ" Астана өндірістік филиалына жүгіну қажет. Өңірлерде құрылғыны тегін алу мүмкіндігі туралы білу үшін жергілікті әкімдіктерге хабарласу қажет.

Фото: elements.envato.com

Газбен жабдықтау жүйесін іске қосу және қабылдау. Үйді газбен жабдықтау жүйесін пайдалануға беру және қабылдау

Газбен жабдықтаудың дайын жүйесін "ҚазТрансГаз Аймақ" ұлттық операторы қабылдайды. Құрылыс нормаларына қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол монтаждау компаниясының жұмысын қабылдамауға құқылы. Үй иесі оператордың мамандарымен қабылдау күнін белгілеуі керек. Егер үйдің бүкіл газбен жабдықтау жүйесі нормаларға сәйкес келсе, онда үй газ құбырына қосылады.

Газды іске қосу

Газды іске қосу - бұл газ тарату жүйесіне қосылу, тікелей газды іске қосу, есептегішті бұғаттау және газ плитасын іске қосу. Іске қосу-баптау жұмыстарын "ҚазТрансГаз Аймақ" мамандары жүргізеді. Жұмыстарға ақы төлеу қосымша арқылы немесе кез келген екінші деңгейдегі банктің бөлімшелерінде, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде жүргізіледі (төлем шоты беріледі).

Егер газдандырудың күрделілігі туралы айтатын болсақ, онда негізгі кедергі инфрақұрылымның қолжетімділігі болып табылады. Көгілдір отынды тұтынушыға жеткізу үшін газ тарату желілерін салу қажет. Ұлттық оператордың Астана өндірістік филиалында атап өткендей, газдандыруға үй иелерінің (заңдастырылмаған үйлер/үй-жайлар) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарының болмауы, сондай-ақ тұтынушылар үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен газ жабдықтарын (газ қазандықтары, плиталар, есепке алу жүйелері) қымбаттығы кедергі келтіреді.

Газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған "100 игі іс" ауқымды акциясы аясында жүзеге асырылуда. 2023 жылы банк қаражаты есебінен Алматы мен Астанадағы аз қамтылған отбасылардың 230-ға жуық тұрғын үйлерін толықтай газға қосу, қаржыландыру жоспарлануда. Бұған дейін Halyk Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырған, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен кредит берудің жеке бағдарламасын іске қосқан болатын.

Серіктестік материал

Dinara