Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған

Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған
Фото: ЖИ

Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталған. Олар ойын шоттарына аударған қаражаттың жалпы көлемі 180 миллион теңгеге жуықтаған.

Тексеріс нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 миллион теңге, тағы біреуі 26 миллион теңге аударғаны белгілі болған.

"Маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді", - деп жазылған хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget