Nvidia компаниясының бұрынғы бас директоры Дженсен Хуанг қытайлық кәсіпкер әйелмен байланысына қатысты тергеу аясында АҚШ Сенатының банк комитетінде жауап беруге келісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Investing.com сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Конгресіндегі тексеруге Хуангтың кәсіпкер Элис Хуангпен жеке қарым-қатынасы себеп болған. Бұған дейін Элис Хуанг Сингапурдағы Megaspeed компаниясында басшылық қызмет атқарған. Қазір АҚШ Сауда министрлігі мен Сингапур билігі бұл компанияны санкцияға іліккен Nvidia чиптерін Қытайға заңсыз жеткізді деген күдікпен тексеріп жатыр.
Америкалық заң шығарушылар кәсіпкер әйелдің Қытай арнайы қызметтерімен ықтимал байланысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген-төндірмегенін де анықтамақ. Ал Megaspeed компаниясы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Нақты күні әлі нақтыланып жатқан Сенаттағы жария тыңдаулардан бөлек, компанияның бұрынғы басшысы АҚШ Өкілдер палатасында да стенограмма бойынша түсініктеме береді.
БАҚ-тың хабарлауынша, Дженсен Хуангпен жабық сұхбат 1 желтоқсанға жоспарланған, ал 2 желтоқсанда заң шығарушылар NVIDIA-ның бас заң кеңесшісі Тим Тетерді де тыңдайды.
Дженсен Хуанг 1993 жылы компания негізін қалап, 33 жылдан аса уақыт басқарды.
Алайда 2026 жылғы қарашада кәсіпкерге қатысты дау туындады. Америкалық БАҚ мәліметінше, Хуанг қытайлық бизнесвуменмен некеден тыс қарым-қатынаста болған, ал АҚШ арнайы қызметтері ол әйелді ҚХР барлау қызметімен байланысы бар деп күдіктенеді. Қытай тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Кейін журналистер Хуанг Nvidia қызметкерлерімен де қарым-қатынаста болғанын хабарлады. Осы жарияланымдар аясында директорлар кеңесі компания басшысы шетелдік барлау операциясы нысанасына айналу мүмкіндігін анықтау үшін тәуелсіз тергеу бастады. Кәсіпкер құпия мәліметтерді бергені туралы расталған жария қорытынды жоқ.
12 қарашада Хуанг қызметтен кететінін жариялады. Ол кеткеннен кейін компания жаңа тұрақты басшыныны іздеуге кірісті.
Кейін кәсіпкердің өзі директорлар кеңесі солай дұрыс деп шешсе, бұрынғы қызметіне қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда 17 қарашада Nvidia басшылығы қызметкерлер мен кәсіпкерлер арасында Хуангты қолдау науқаны жүріп жатқанына қарамастан, оның қайтып келу мүмкіндігі қарастырылмайтынын аңғартты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!