Танымал тележүргізуші Динара Сатжан Бейбіт Әлібековтің Youtube-жобасында зәулім үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізушінің үйі Астананың тұрғын үй кешендерінің бірінің 12 қабатында орналасқан. Пентхаустың жалпы ауданы - 325 шаршы метр. Пентхаустың жөндеу әрі ірлеу жұмыстарын есепке алмағанда құны - 100 миллион теңге.
Пентхаустың бірінші қабатында үлкен қонақ бөлмесі, ас үй және тележүргізушінің жатын бөлмесі орналасқан. Динара Сатжанның жатын бөлмесінде жеке киім ауыстыратын және жуынатын бөлмесі бар.
Ал қонақтарға арналған жуынатын бөлмеде ақылды айна орналастырылған.
Ал пентхаусың екінші қабатында ұлы Даниалдың, қызы Диананығ, күтуші мен үлкен қонақ бөлмесі бар.
Тележүргізушінің ұлы Даниалдың бөлмесінде тіпті жеке электронды сауна бар.
Ал қызы Диананың бөлмесінде арнайы дизайнерлер жұмыс істеген. Диана балет үйірмесіне қатысатын болғандықтан, бөлменің бір қабырғасында жаттығу жасауға үлкен айна бар.
Динара Сатжан үйдің жайлы болғанын ұнататынын жеткізді.
"Түрлі үйлер бар ғой, қымбат, сәнді, мәрмәр едені бар үйлерде бір жылулықтың жоқ екені сезіледі. Ал мен үшін үйдің жайлы болғаны өте маңызды. Менің үйіме қонақ көп келеді, оған қоса былтыр ата-анамнің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізгендіктен, біз бір жылдай бірге тұрдық.
Маған менің үйім ұнайды, аса қатты үлкен болмағанымен өзіме керектің бәрі бар", - деді тележүргізуші.
Сонымен қатар, тележүргізуші жеке өміріндегі ел білмеймін жаңалығын да бөлісті.
"Екінші жартымды, сүйіктімді тапқан секілдімін. Жақын арада саусағыма жүзік тағады деп ойлаймын. Бәрі нақты болған кезде өмірімдегі ер адамды жұртқа көрсетемін.
Біздің үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз, өйткені бақыт тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Әділ әрі талапшыл болатын". Динара Сатжан өмірден өткен немере ағасына жазба арнағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қолбала деген кім?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!