- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеке деректеріңіз тарап...
Жеке деректеріңіз тарап кетсе, қайда жүгінуге болады?
Қазақстандықтарға жеке деректері тарап кетсе, қайда жүгінуге болатыны туралы кеңес берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дербес деректер тарап кеткен жағдайда өтініштерді e-Otinish арқылы жіберуді ұсынады.
"Өз деректеріңізді қорғау және жағымсыз салдардың алдын алу үшін дербес деректер тарап кеткен жағдайда жазбаша немесе e-Otinish арқылы ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабарласу ұсынылады", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл орайда анонимді және жеткілікті деректері жоқ өтініштер қаралмайтыны айтылды.
Өтініш беру үшін заңбұзушылық дерегін растайтын материалдарды ұсыну қажет:
- өтініш берушінің аты-жөні, байланыстары;
- заңбұзушылыққа жол берілген жағдайдың сипаттамасы;
- заңбұзушылықты жасау кезеңі мен мерзімдері;
- заңбұзушылықты растайтын сенімді материалдар;
- заңбұзушылыққа жол берген тұлға / ұйымның атауы.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралғаннан кейін дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс бойынша әкімшілік жаза қолдану немесе іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарады және өтініш берушіні қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 1000 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, Ақпараттандыру туралы заңын және заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79 және 641-баптары), сондай-ақ, жеке өмірге және заңға қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық (Қылмыстық кодексінің 147-бабы) көзделген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова