Әнші Жазира Байырбекова әпкесіне жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Сәбира атты әпкесі үйіндегі "жедел жәрдем" екенін айтады.
"Әр отбасында "жеделжәрдем" сияқты бір адам болады. Үйінен қонақ үзілмейді, кімге көмек керек соған жүгіреді. Қазбегімді қарауға көмектесіп еді, енді Даратайыма да дәл солай. Біз 7 қыз 2 ұлмыз. Жедел жәрдеміміз - Сабира әпкем. Бүгін туған күні. Сіздер де құтықтап қойыңыздаршы. Жеделжәрдемдеріңіз болса белгілеп өтіңіздер", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!