Актриса, әнші Жұлдыз Әбдуікәрімова сахнада құлап, беліп ауыртып алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында бөлісті. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өнер көрсетіп жүрген ол кезекті дайындық барысында сахнада құлап, белін ауыртып алған.
"20 күн бойы үздіксіз дайындалдым. Халқым келіп, менің ойнағанымды көріп, қол соқса дамылсыз, ұйқысыз өткізген күндерімнің өлшемі сол болмақ. Сіздерге білдіртпеген қаншама дүние болып жатыр. Дайындық кезінде сахнада аяғым тайып, белімді ауыртып алдым. Оңбай құладым. Қанша ауырғанымды білдіртпей жасырсам да, оқырман байқап қойыпты. Қойылымның екінші бөлімінде белім қатты ауыра бастады. Жаным көзіме көрініп тұрса да, аз қалды деп өзімді жұбатып тұрдым. Екі көріністің арасында жедел жәрдем шақырып, дәрі ектіріп алдым. Ол кішкене де болса ауруымды басып, соңына дейін шыдап бердім. Ет қызуымен байқамай рөлімді сәтті алып шықтым. Кейін ауруханаға барып, аяғым мен белімді таңып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ", – дейді актриса.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі өзінің біртүрлі түс көргенін, оқырмандары оны "тұрмысқа шығады" - деп жорыған. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!