Әзіл үшін жедел жәрдем шақырған ақтаулық 80 000 теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің өкілдері айтты.
Оқиға 14 қазанда болған. 103-ке Ақтау қаласының тұрғыны көп мөлшерде дәрі-дәрмек ішкенін айтып хабарласқан.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенде тұрғын "пранк" жасап, телефон соққанын айтты", - деп хабарлады емдеу мекемесінің баспасөз қызметі өкілдері.
Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабына сәйкес қоңырау жалған деп тіркелді. Арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін Ақтау тұрғынына 80 мың теңге айыппұл салынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!