- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жедел жәрдем қызметкерін...
Жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Дәкебаевқа қатысты сот отырысында не айтылды?
Жоғарғы сот өкілдері жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот отырысында не айтылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін онлайн-трансляция режимінде Нұрболат Дәкебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Тергеу органымен ол жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне күш көрсетумен ұштасқан бұзақылық жасады деп айыпталған.
Сот отырысында қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысы жарияланды. Сот отырысында прокурор қылмыстық істі басқа қылмыстық іспен байланыстыру үшін кері қайтару туралы өтінішхатын мәлімдеді.
Қылмыстық іс басқа қылмыстық іске қатыстылығы үшін прокурорға қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина