- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жедел жәрдем қызметкерлері...
Жедел жәрдем қызметкерлері үйге кіргенде неге бахила кимейді?
Жедел жәрдем қызметкерлері үйге кіргенде бахила кимейді. Олардың бұл әрекеті сынға алынып жүр. Мұның себебін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Facebook-парақшасында түсіндіріп берді.
Жедел жәрдем қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтінін ұмытпау маңызды. Бір күнде олар ондаған шақыруларға қызмет көрсетеді. Әдетте, тұрғындар екіге бөлінеді: медициналық көмек алғысы келетіндер және жедел жәрдем қызметкерлерінің үйге сыртқы аяқкиіммен кірмеуін маңызды санайтындар.
Жедел жәрдем бригадасының жұмысы - науқасқа жедел медициналық көмек көрсету. Аяқкиім киіп тұрған қызметкер санитарлық нормаларға аса зардап тигізбейді және ол қызмет сапасына әсер етпейді.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің бахила кимеуінің 3 негізгі себебі бар:
1.Науқасты жедел ауруханаға жатқызу кезінде бахиланы киіп-шешу артық уақыт алады;
2. Төтенше жағдай кезінде дәрігер ғимараттан жылдам шығуы керек, ал бахила тайғақ болғандықтан, одан жарақат алу қаупі бар;
3. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы бойынша, бахила міндетті медициналық өнімдер тізіміне кірмейді және жедел жәрдем қызметкерлері бахила киюге міндетті емес.
Қауіпсіздік ережелері мен регламент бойынша, шақыруға баратын бригадаларға аяқкиімдерін шешуге, бахила немесе целлофан қаптар киюге тыйым салынады.
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға үйге жедел жәрдем шақырғанда санитарлық нормалар мен тазалықтың сақталуы үшін кіре беріске ескі шүберек немесе қағаз жайып қоюды ұсынады.
А. Жапатова