Жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот Нұрболат Дәкебаевты кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостындығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ ол жәбірленушіге 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге тиіс.
Еске салайық, 27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем қызметкері Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген болатын. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды.
Алғашында жәбірленуші Нұрболат Дәкебаевты кешіргенін айтқан. Бірақ сотта ол ойынан айнып, бес миллион теңге материалдық шығын талап етті. Оның үстіне қосымша медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына орта деңгейде зиян келгенін растаған. Сондықтан оның қорғаушылары бұзақылыққа тағы бір бап қосуды сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!