Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атышулы іс бойынша тыңдау Әлихан Бөкейхан аудандық сотында өтеді. Сот отырысына сотталушы Нұрболат Дәкебаев әкелінді.
Жәбірленушінің адвокаты Бағдад Хасенов Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісіне келтірген жарақатының жеңіл емес екенін дәлелдеу үшін жаңа сараптама тағайындау туралы сотқа арыз жазбақ ниетте екенін айтты. Адвокат жәбірленушіге тағы да ота жасалатынын атап өтті.
Сот отырысында жауапкер Дакебаев айыптау актісі мен азаматтық талап-арызды алмағанын айтты. Сот 10 минуттық үзіліс жариялады.
Нұрболат Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа келіп түсті, ал бастапқыда тергеу ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша жүргізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!