Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Процестің басында судья сотталушы Дакебаев пен оның қорғаушысы онлайн трансляцияға қарсы екенін айтты. Жәбірленуші бұл мәселенің шешімін соттың қарауына қалдырды.
Сот ісін тікелей эфирде жалғастыруға шешім қабылдады. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарына сотталушы мен оның адвокатын түсіруге тыйым салды.
Сондай-ақ, сот отырысында жәбірленушіге келтірілген жарақаттың жеңіл емес екенін анықтау мақсатында қосымша сот сараптамасын жүргізуге байланысты үзіліс жарияланды. Сот отырысы 15:30-да қайта жалғасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!