Қазақстанда жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік халыққа шұғыл медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін ведомствоның "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізген.
Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасы құрамына парамедик - алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмысына қатысатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 18 пайызы - мамандандырылған бригадалар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!