- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жедел ескерту: Алматыда...
Жедел ескерту: Алматыда таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алматының Төтенше жағдайлар департаменті жедел ескерту жасады. 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін.
Осыған орай Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажет екенін ескертеді.
Алматы қаласының ТЖ департаменті #09 Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 16 мамыр күні кешкі уақытта және 17 мамыр күні (жұма)түнде қатты жауын шашын, найзағай күтілетіні туралы хабарлайды. Таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін жететіні туралы ескертеді.
ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды. Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде келесі жағдайлар ұсынылады:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
- егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
- Сіз билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін;
- қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина