Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz

Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан