Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан турнирде жартылай финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/4 финалдағы матчта Жібек индонезиялық Приска Нугрохомен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 6:4 есебімен Приска жеңіске жетті.
Айта кету керек, жұптық сында Жібек Құламбаева жартылай финалға шықты. Ол Шривалли Бхамидипатимен (Үндістан) бірге, Зила Десаи мен Рия Бхатияға (Үндістан) қарсы кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!