Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингіде 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!