Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге жартылай финалда испаниялық Андреа Лазаро Гарсия мен франциялық Ясмин Мансуримен кездесті.
Бірінші сетте қазақстандық-беларусьтық жұп 7:5 есебімен жеңді. Олар екінші сетте қос брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен аяқтады - 6:2.
Жібек Құламбаева мен Юлия Хатуканың финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!