Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияда өткен ITF турнирінде ресейлік Юлия Готкамен жұптық сында турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жібек пен Юлия жұбы Полина Яценко (Ресей) және Ханне Вандевинкель (Бельгия) жұбын 6:3, 1:6, 10:4 есебімен жеңді.
Жекелей сынның 1/8 финалында отандасымыз Германия өкілі Катарина Хобгарскийге 6:2, 6:0 есебімен жол берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!