Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен бетпе-бет келді.
Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ – 6:4.
Біршама тартысты өткен кездесу сағат жарымға созылды.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичтің қай жеңгенімен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!