- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жазылып кеткен бе?"...
"Жазылып кеткен бе?" Желіде Болат Назарбаевтың тұсау кесу рәсімінде жүрген видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры - Болат Назарбаевтың тұсау кесу рәсімінде жүрген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеодан Болат Назарбаев 1 жасар қыздың тұсауын кесіп жатқанын көруге болады. Видеоны Гүлбану атты TikTok қолданушысы жүктеген. Алайда артынша ол бұл видео парақшасынан өшіріп тастаған.
Алайда Желі қолданушылары бұл ескі видео болуы мүмкін екенін де жазып жатыр.
"Жақында ғана мүгедектерге арналған орындықта отыр еді. Жазылып кеткен бе?", "Ескі видео сияқты. Тез жазылып кетуі мүмкін емес қой", "Бұрынғы видео сияқты, хәл үстінде жатыр еді ғой", - дейді Желі қолданушылары.
Айта кетейік, былтыр 22 шілдеде Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат тараған болатын. "Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабековтің сөзінше, Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда болған. Сонымен қатар, 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқаны белгілі болды.
Оған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөзге сілтеме жасалған мәліметте дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын ауыр, тіпті өте ауыр деп бағалағаны айтылған.
Еске салайық, 2 ақпанда Amanat партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров Болат Назарбаевтың заңсыз алған деп танылған жерлерін қайтаруға қатысты істің мән-жайын айтқан болатын.
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Партияның сайтында Саировқа сілтеме жасап, қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталды, олардың меншік иесі күмәнді жағдайларда Болат Назарбаев болды.
Мәліметтерді растау үшін Tengrinews.kz тілшісі Саировқа хабарласқан еді. Ол Amanat партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес қоғамдық құрылым екенін түсіндірді. Егер оларға дабыл түссе, мемлекеттік органдардың кейбір нақты әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау үшін Бас прокуратураға жіберіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина